Қазақша анекдоттар, күлкілі әзілдер, казақша портал
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар |
08.12.2012, 06:27 | |
Қазақ поэзиясы мен музыка өнері 1 Қазақтардың поэтикалық өнері Махамбет Өтемісулы (1804—1846) поэзиясы Исатай Тайманұлы бастаған
1836—1838 жылдардағы көтеріліспен тығыз байланысты болды. Махамбет 1804
жылы Ішкі Ордадағы Бекетай құмында дүниеге келді. Ол жастайынан ақындық
өнерге құмартып өсті. Оның асқан дарындылығына қалың жүрт- шылық бас
иді. Махамбет от ауызды сөз шеберлігімен қатар, өзінің
домбырашы-күйшілігі, батырлығы, ақындығы мен даналығы арқасында ел
арасында даңққа бөленді. Ол орыс, татар және араб тілдерін жақсы білді.
Сондықтан да ол 1824-1829 жылдары Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайдың
тәрбиешісі ретінде Орынбор қаласында тұрды. Осы жылдары орыс жазушысы,
этнограф В.И. Дальмен, саяхатшы ғалым С.Г. Карелинмен жақын танысып,
достасып кетті. «Еділді тартып алғаны — Етекке қолды салғаны. Жайықты тартып алғаны — Жағаға қолды салғаны. Ойылды тартып алғаны – Ойындағысының болғаны. Маңғыстауда үш түбек Оны-дағы алғаны. Үргеніш пен Бүхарға Арбасын сүйреп барғаны – Қоныстың бар ма қалғаны?! Мал мен басты есептеп, Баланың санын алғаны — Аңғарсаңыз жігіттер, Замананы тағы да — Бір қырсықтың шалғаны!» Біржан сал Қожағұлұлы (1825—1887) қазіргі Солтүстік Қазақстан
облысының аумағында дүниеге келді. Ол халық арасында Біржан сал деген
атпен белгілі болды. Жас кезінен-ақ ән салуға, өз жанынан ән шығаруға
бейім еді. Ақын, сазгер әрі әнші ретінде ел арасында кеңінен танылды.
Екі сыныптық қазақ-орыс мектебінде сауат ашты, содан соң Петропавл
қаласындағы медреседе оқыды. Араб, парсы, шағатай тілдерін жақсы білді.
Біржан сал махаббат лирикасы саласында көптеген ән шығарды. Оның
музыкалық-ақындық шығармашылығының демократиялық сипаты айқын байқалады.
Біржанның әндерінде байлардың, старшындар мен болыстардың озбырлығы
әшкереленеді. Ақын әйелдердің теңсіздігін жою жөнінде жар салды. Біржан салдың «Айбозым», «Ақ тентек», «Біржан сал», «Ғашығым», «Айтбай», т. б. 40-қа жуық әні бар. XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ музыкасындағы әйгілі тұлғалардың бірі аса көрнекті ақын, композитор Жаяу Мұса Байжанұлы (1835—1929) болды. Ол Баянауыл округының Ақшоқы деген жерінде дүниеге
келген. Алғашқы сауатын ауыл молдасынан ашып, кейін Омбыда оқып білім
алған. Ол домбыра, скрипка және гармонь тартуды жастайынан үйренді.
Көрнекті орыс жазушылары мен ақындарының шығармаларымен таныс болды.
Жаяу Мүса өзінің өлеңдері мен әндерінде жергілікті болыстардың
зорлық-зомбылыктарын, патша үкіметінің отаршылдық саясатын батыл
әшкереледі. Оның атақты «Ақ сиса» әні әлеуметтік Жаяу Мұса.
әділетсіздікке қарсы наразылықтан туған. Ол өзінің отаршыл үкіметіне
қарсылығы үшін «қырдағы қауіпті адам» ретінде сотталып, Тобыл қаласына
жер аударылады. Сонда түрмеде отырып, Батыс Сібір генерал-губернаторына
хат жазып, өзін армияға жіберу жөніндегі өтінішін жолдайды. Оның бұл
тілегі қабыл алынып, Тобылда, Орынборда, Қазанда, Новгородта, Мәскеуде, Владимирде және Петербургта, сондай-ақ Польша мен Литвада әскери қызметте болады. Генерал Черняевтің Оңтүстік Қазақстан аумағына жасаған әскери жорығына да қатысады. Ол «Сү- йіндік», «Толғау», «Бозторғай», «Жанбота», «Ғашығым», «Хаулау» сияқты 70-тен астам ән шығарады. Әндерінің сөзін де өзі шығарды. Қазақ халқының атақты ақыны, композитор-әнші Ақан сері Қорамсаұлы
(1843-1913)қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының аумағында дүниеге
келді. Сауатын ауыл молдасынан ашып, кейін Қызылжар қаласындағы
медреседе оқыған. Ол бала кезінен өлең шығарып, музыкамен әуестене
бастайды. Қасына ерген талантты жастармен ауыл-ауылды аралап ән салып,
домбыра тартады. Халық оны құрмет тұтып, «Ақан сері» атады. Ол
музыкалық-поэтикалық мол мұра қалдырды. Оның бізге 40-тан астам әні
жетті. Ақан серінің «Алтыбасар», «Сырымбет», «Мақпал», «Ақтоқты» әндері
жан тебірентерлік әсерлі, сазды келеді. Оның «Еркем», «Аужар»,
«Айгөлек», «Ғашық жарға» атты тамаша әндері сүйіспеншілік тақырыбына
арналған. Ақан серінің шығармашылығына қатты әсер еткен жағдай сүйікті
тұлпары Құлагердің қаскөй зұлымдардың қолынан өлтірілуі еді. Ақан
серінің әндерінде қоғамдық өмірдің әлеуметтік мәселелері, ел билеген
әкімдердің озбырлық әрекеттері шебер бейнеленеді. Қазақтың музыка өнерін нотаға түсіру XIX ғасырдың аяқ кезінде ғана басталды. Оған дейінгі қыруар мол музыка- лық мұрамыздың біркатары, өкінішке орай зама-нымызға жетпеді. Қазақтың аса ұлы күйшісі, күй атасы Құрманғазы Сағырбайулы(1806—1879)
Бөкей ордасының Жиделі деген жерінде дүниеге келген. Бала кезінен-ақ
музыкалық дарыны бар екенін танытты, өз бетінше алуан түрлі күйлерді
тартып үйренді. Болашақ дәулескер күйшінің жастық шағы жоқшылықтың
зардабын тартып, ел аралаумен өтті. Сондықтан да ол өзінің күйлерінде қарапайым адамдардың өмірін, тұрмыс-тіршілігін
суреттеді, қайырымсыз байлардың қылығын әшкереледі. Құрманғазы қазақ
күйлерін шебер орындаумен қатар домбырада орыстың «Коробейники»
(«Қыдырма саудагерлер»), «Светит месяц» («Айдың сүттей жарығы») деген
әндерін де құйқылжыта орындады. Біздің заманымызға дейін оның сазгерлік
туындылары – 60-қа жуық ғажайып, көркем де асқақ сезімге толы күйлері
жетті. Оның «Адай», «Балбырауын», «Сарыарқа», «Ақсак киік», «Түрмеден
қашқан», «Ертең кетем», «Кісен ашқан», «Қайран шешем» сияқты басқа да
күйлері — халық сүйіп тыңдайтын тамаша туындылар. «Кішкентай» атты күйі
Бөкей хандығы қазактарының халық-азаттық көтерілісінің басшысы Исатай
Тайманұлына арналған. Құрманғазының күйлері халқымыздың мәдени дамуына
қомақты үлес болып косылды. Талантты және халық арасына кеңінен белгілі, аса көрнекті композиторлардың бірі – Дәулеткерей Шығайұлы (1820—1887). Ол Бөкей хандығының аумағындағы Қарамола деген жерде
Кіші жүздің ханы Шығайдың отбасында дүниеге келіп, ер жетті. Ол өз
заманының білімді азаматтарының бірі болды. Билеуші-сұлтан деген
лауазымды әкімшілік қызмет атқарды. Бірақ мұның өзі сазгерлік
шығармашылықпен айналысуына кедергі бола алған жоқ. Дәулеткерей төрелік
биліктен гөрі өз ортасында күйшілік өнердің алтын Дәулеткерей діңгегі
болған. Халық арасында оның «Жігер», Шығайұлы. «Бұлбұл», «Қоңыр», «Тартыс», «Желдірме» сияқты күйлері кеңінен тараған. Күйші-сазгердің біз- дің заманымызға дейін 40-қа жуық күйі жетті. Қазақтың XIX ғасырдағы аспаптық музыкасына қомақты үлес қосқан сазгер-күйші Тәттімбет Қазанғапұлы(1817—1860) Қарқаралы өлкесінде дүниеге келген. Карқаралы сыртқы округы Нұрбике-Шаншар болысында болыстық қызмет та атқарды. Ресей императоры II Александрды ұлықтау рәсіміне қатысқан. Тәттімбет Қазақстанды зерттеуші ғалымдар Ш. Уәлиханов, Г. Потанин, А. Янушкевичтермен таныс болған. Ол халық арасына кеңінен тараған «Саржайлау», «Былқылдақ», «Сылқылдақ», «Сарыөзен», «Бес төре», «Қосбасар» сияқты әсерлі көркем лирикалық күйлер шығарды: Талантты сазгер өз туындыларында қазақ жерінің, оның өзендері мен көлдерінің, таулары мен даласының сұлу табиғатын, көркем көрінісін жүрек қылын шерте отырып, нәзік сезіммен бейнеледі. Тәттімбет күйлері қазақ халқының музыкалық өнерін барынша байыта түсті. Қазақтың күй өнерін қобызда қүйқылжыта шебер орындайтын дәулескер
күйші Ықылас Дүкенұлы (1843—1916) Қарағанды облысының аумағында
қарапайым қазақтың отбасында дүниеге келген. Оның әкесі Дүкен қобыз
тартқан, ал ата-бабаларына да жыршы, бақсылық өнер дарыған. Ықылас патша
шенеуніктері мен байларды әжуалаған «Жарыс патша», «Бес төре» күйлерін
шығарды. Оның «Жезкиік», «Кертолғау», «Аққу», «Жалғыз аяқ», «Қорқыт
сарыны», «Ерден», «Қазан», тағы басқа да ғажайып күйлері бар. Бұл кезеңде қазақтарда айтыс өнері кең өріс ала бастады. Әдетте әр
рудың өз айтыс ақыны болған. Олар өз руының атақты адамдары — батырлары
мен билерін, балуандарын мадақтап, дәріптеген, оларды өзгелерге үлгі
етіп көрсете білген. Айтыс ақындары өлеңді алдын ала дайындамаған, нақты
жағдайға орай аяқ астынан суырып салып айтатын. Олар бірінің сөзін бірі
іліп алып кетіп, өлеңмен сөз сайысына түс- кен. Айтыс ақындары
өздерінің білімін, ақыл-парасатын, шешендігі мен тапқырлығын танытуға
бар күшін жұмсайтын. Олар қазақ халқының тарихын, шежіресін, тегін,
дәстүрлі салт-санасы мен әдет-ғұрпын жақсы білуге тиісті еді. Айтыс
кезінде ақындар домбыра, сырнай және қобыз сияқты музыкалық аспаптарда
ойнаған. Айтыс жалпы халық арасында ашық өткізілетін. Айтысты
тамашалауға келген жұрт өздерінің қолдау білдірген көтеріңкі
дауыстарымен жеңімпазды анықтаған. Ондай жеңімпаз айтыскердің атақ-даңқы
қазақ даласына, халық арасына тез жайылып кететін. XIX ғасырдың атақты
айтыс ақындары Орынбай, Жанақ, Шөже, Әсет, Сара, Сүйінбай және басқалар
болды. Сол кезден бастап айтыстардың мәтінін Бұл өнер сайысын арнайы
зерттеушілер жазып ала бастады. Айтыстарда дәстүрлі қазақ қоғамының аса
маңызды өткір проблемалары көтерілді. ↑ Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т.Алматы: Атамүра, 2008. — 352 бет, суретті, карталы. ISBN 9965-34-816-2 | |
Просмотров: 7376 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0 |